11.07.2017, 15:56 3970

Қызылорда облысында халықаралық автокөлік дәлізініӊ бойынан жалпы сомасы 3 млрд. 411 млн. теӊге болатын жол бойы сервисініӊ нысандары салынады

Жалпы сомасы 3 млрд. 411 млн. теӊге болатын бұл нысандарда 546 тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық автокөлік дәлізініӊ Қызылорда облысы аумағынан өтетін бөлігінде жол бойы сервисініӊ құрылысы салынатын 37 нүкте анықталды, деп хабарлайды Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлік және туризм басқармасы мамандары.

Осы жылдыӊ алғашқы жарты жылдығында жалпы құны 1 млрд. 283,2 млн.теӊге болатын тағы 4 нысан пайдалануға берілді.

Жыл аяғына дейін тағы осындай 16 нысан ашылады. Жалпы сомасы 3 млрд. 411 млн. теӊге болатын бұл нысандарда 546 тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыс аумағында жұмыс істеп тұрған барлық жол бойы қызметі нысандарында жол қызметініӊ міндетті нысандарыныӊ (ақпараттық тақта; арнайы тұрақ орындары) болмауына байланысты аталған кемшіліктерді жою жөнінде барлық аудан әкімдіктеріне және жоба бастамашыларына хат жолданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны