06.09.2017, 19:06 4478

Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасыныӊ екінші бесжылдығы аясында 24 жоба жүзеге асырылуда

2017 жылдыӊ 7 айында барлық іске қосылған жобалар арқылы 10,7 млрд.теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өӊдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемініӊ 12,1 % құрады.

Қызылорда. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет Басшысыныӊ Жолдауынан туындайтын міндеттердіӊ бірі - "Басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамыту үшін индустрияландыруды жалғастыру" болып табылады.

Осы ретте, бұл бағыттағы жұмыстар Қызылорда облысы көлемінде индустрияландыру бағдарламасыныӊ екінші бесжылдығы аясында құны 610 млрд.теӊгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мыӊ адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылуда.

Жалпы алғанда, бағдарламаныӊ бірінші бесжылдығы аясында 17 жоба іске қосылған болса, екінші бесжылдық аясында іске асырылатын 24 жобадан бүгінгі күні 3 жоба іске қосылды.

2017 жылдыӊ 7 айында барлық іске қосылған жобалар арқылы 10,7 млрд.теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өӊдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемініӊ 12,1 % құрады.

Атап өту қажет, индустриалық жобалар бұрын 8 елге өнімдерін экспортқа шығарса, 2017 жылдан бастап 10 елге өнімдерін экспортқа шығара бастады. 2017 жылдыӊ 7 айында индустриялық жобалар арқылы экспортталған өнім көлемі былтырғы жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда 81,2% артты.

Бір ғана мысал, бағдарлама аясында 2 бірдей испандық цехты іске қосқан "Аралтұз" АҚ-мы 2016 жылы шет елдерге 60% өнімін экспорттады. Тек соӊғы 2 жылда Ресей нарығында ас тұзы бойынша 12% үлесті иеленді.

Өнеркәсіп саласында ү.ж. 23 жобаныӊ іске қосылуы жоспарланған, оныӊ ішінде 10 кәсіпорын индустриялық аймақта орналасқан. Оныӊ ішінде, 2017 жылдыӊ І жартыжылдығында 7 шағын және орта кәсіпорын ашылып, 73 жұмыс орны құрылуда. Ү.ж. ІІ жартыжылдығында 551 жұмыс орны құрылатын 16 кәсіпорынныӊ іске қосылуы жоспарланған.

Бүгінгі күні , облыста 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда.

Дәстүрге айналған "Байқоӊыр инвест" инвестициялық форумын биылғы жылы қараша айында өткізу жоспарлануда.

Сонымен бірге, ү.ж. 19 маусымда "Байқоӊырда бизнес мүмкін бе?" атты тақырыпта ІІ халықаралық "Интернет-форум" өткізілді. Форумда 20-дан астам халықаралық компаниялардыӊ және ҚХР, Израиль, Түркия, Изірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Нидерланд Патшалығы, Финляндия Республикасы, Дания сияқты әлемніӊ 9 елініӊ өкілдері қатысты.

2017 жылғы 7 айдыӊ қорытындысы бойынша облысымызға жақын және алыс шетелдіӊ 11 елініӊ делегациялары келді.

Өӊдеу өнекәсібі саласында ү.ж. 7 айында 57,3 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өткен жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда 3%-ға артқан.

Шикізаттық емес сектордыӊ жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесі 4 жылда 3 есе өскенін атап өтеміз.

Инвестиция көлемі ү.ж. 7 айда 19 пайызға өсіп, 92 млрд.теӊгені құрады.

Бұл көрсеткіштер облыс экономикасында әртараптандыру бағыты қарқынды деӊгейде жүргізілуде екенін көрсетуде.

Алдағы уақытта облыс көлеміндегі жұмыстар Мемлекет басшысыныӊ Жолдауынан туындайтын міндеттер шеӊберінде өз жалғасын табатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны