11.06.2014, 19:44 3418

Қызылорда облысында Индустрияландыру картасы бойынша 2,6 мың жұмыс орны ашылады

Қазіргі таңда индустрияландыру картасына Қызылорда облысы бойынша жалпы құны 151,8 млрд. теңгені құрайтын 24 жоба енгізілді.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Қазіргі таңда индустрияландыру картасына Қызылорда облысы бойынша жалпы құны 151,8 млрд. теңгені құрайтын 24 жоба енгізілді.

Салалық құрылымда: агроөнеркәсіптік кешеннен - 6 жоба, құрылыс саласында - 5 жоба, мұнай және газ және энергетикалық секторында - 5 жоба бар. Сондай-ақ, жаңа 2680 жұмыс орындарымен қамтамасыз ету қарастырылуда.

Жұмысшы топ 19 жобаны аралап, жобаның қазіргі жағдайымен танысып, проблемалық сұрақтарды және одан әрі даму жоспарларын талқылады, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан инвестициялық жобаларды оның ішінде облыстық индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың мониторингін жүрзізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны