18.07.2017, 21:47 5402

Қызылорда облысында индустриялық даму бағытындағы аймақтық комиссияныӊ кезекті отырысы өтті

Экспортқа бейімделген үшоксидты молибден өндіріс кәсіпорыны мен шыны зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Жиын барысында индустриаландырумен қатар өнімдерді экспорттау мәселесі де сөз болды.

Қызылорда. 18 шілде. Kazakhstan Today -Қызылорда облыстық Мәслихатындағы "Нұр Отан" партиясы фракциясы өкілдерініӊ қатысуымен индустриялық даму бағытындағы аймақтық комиссияныӊ кезекті отырысы өтті. Жиында комиссия мүшелері сайлауалды бағдарламаны жүйелі жүзеге асыру мақсатында облыста Индустрияландыру бағдарламасыныӊ орындалуын пысықтап, өзекті мәселелерді саралады.

- Мемлекет басшысы индустрияны цифрлық технология арқылы құруды, мобильді банкинг секілді перспективалы салаларды дамытуды тапсырды. "Нұр Отан" партиясы өзініӊ Сайлауалды бағдарламасында "цифрлық қоғамды" енгізуге қатысты үлкен міндеттерді көрсетіп, оны жүйелі жүзеге асыруға ерекше мән беріп отыр. Сондықтан Елбасы тапсырған міндеттерді абыроймен атқаруға күш салуға тиіспіз, - деді комиссия төрағасыныӊ орынбасары, облыстық мәслихаттағы "Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясыныӊ мүшесі Жангелді Ысқақов.

Күн тәртібіне сәйкес облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысыныӊ орынбасары Жанар Берденова баяндама жасады. Оныӊ айтуынша өӊірде индустрияландыру бағдарламасыныӊ екінші бесжылдығы аясында құны 610 млрд.теӊгеден асатын 24 жоба жүзеге асырылмақ. Олар іске қосылғанда 6 мыӊнан астам адам жұмыспен қамтылады.

Экспортқа бейімделген үшоксидты молибден өндіріс кәсіпорыны мен шыны зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Жиын барысында индустриаландырумен қатар өнімдерді экспорттау мәселесі де сөз болды. Бұрын өӊірден экспортқа тұз, балық және сұйытылған газ өнімдері шығарылатын болса, биылғы жылдан бастап аймақтан глицирин қышқылы концентраты Қытай еліне экспорттала бастады. "Фирма Балауса" ЖШС аммоний өнімдерін Ұлыбританияға жөнелтуде.

Облыстық индустриялық -инновациялық даму басқармасы басшысыныӊ орынбасары Жанар Берденова индустрияландыру жобаларыныӊ өнімдері бұрын 8 елге экспортқа шығарылса, биылдан бастап 10 елге экспорттау қолға алынғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны