17.12.2018, 14:32 5308

Қызылорда облысында инвестициялық жобалардыӊ сыбайлас жемқорлықтан қорғалуы басты назарда

Инвесторлар мен кәсіпкерлердіӊ құқығын қорғауға бағытталған "Рrotecting business and investments" инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында арнайы фронт-офис құрылып,облыс бойынша 592,7 млрд. теӊгеніӊ 15 инвестициялық жобасы сүйемелдеуге алынған.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Инвестиция көмегімен салынған Қызылорда облысындағы жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін зауыт жұмысы ары қарай да сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдене беретін болады.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыныӊ орынбасары Айгүл Шайымова зауыт жұмысымен танысу барысында мәлімдеді.

Агенттік Төрағасыныӊ орынбасары А.Шайымова: "Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н. Назарбаев "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында елдіӊ дамуы үшін инвестициялардыӊ рөліне ерекше назар аударды. Агенттік тарапынан инвесторлардыӊ құқықтары қорғалады және бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға жағдайлар жасалады. Антикоррупциялық сүйемелдеуге алынған инвестициялық жобалар арасынан алғашқы болып тампонажды цемент зауыты пайдалануға беріліп отыр. Бұл инвест жоба бұдан әрі қарай да біздіӊ тұрақты бақылауымызда болады.", - деді.

Атап өту керек, "Гежуба Шиелі цемент" ЖШС цемент зауыты 11 желтоқсанда Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өткізілген "Индустрияландырудыӊ екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған" жалпыұлттық телекөпірі барысында пайдалануға берілген болатын.

Инвесторлар мен кәсіпкерлердіӊ құқығын қорғауға бағытталған "Рrotecting business and investments" инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында арнайы фронт-офис құрылып,облыс бойынша 592,7 млрд. теӊгеніӊ 15 инвестициялық жобасы сүйемелдеуге алынған.

Зауыттыӊ құрылысы барысында "Гежуба Шиелі цемент" ЖШС-нен фронт-офиске 2 өтініш түсіп, көші-қон қызметімен созбалаӊға салынған зауыт құрылысына қажетті 54 шетелдік маманныӊ визалық құжаттарынтез рәсімдеу мәселесі шешілген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ басшысы Абзал Мұхимов: "Инвестицииялық жобалардыӊ сыбайлас жемқорлықтан, түрлі әкімшілік кедергілерден қорғалуы фронт-офистіӊ негізгі міндеті.Қазіргі уақытта облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, фронт-офисте инвесторлармен қатар кәсіпкерлердіӊ де өтініштерін қабылдап, оны қараудамыз. Бұл бізге кәсіпкерлердіӊ проблемалық мәселелерін жедел түрде бірге қарап, оны шешуге, қызметіне кез келген араласудан қорғауға мүмкіндік беріп отыр. Фронт-офис арқылы 14 бизнес субъектілерініӊ құқықтары қорғалды", - деді.

Осы кезге дейін фронт-офиске инвесторлар мен кәсіпкерлер тарапынанлауазымды тұлғалардыӊ заӊсыз әрекеттеріне қатысты түскен 5 өтінішті қарау нәтижесінде 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, ал 1 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны