14.07.2017, 18:25 7147

Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт салынады

Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт салынады. Зауыт құрылысы жыл соӊында басталады деп жоспарланған.

Қызылорда. 14 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт салынады. Зауыт құрылысы жыл соӊында басталады деп жоспарланған.

"Құрылысты бастау бұдан ертерек жоспарланған болатын, алайда, жоба бастамашысы тарапынан зауыттыӊ өнімділік қуатын ұлғайту туралы шешім қабылданып, жобаға тиісті түзетулер енгізілуде. Қаржы көлемініӊ аз ғана ұлғаюы нәтижесінде (81 млрд-тан 87 млрд-қа дейін немесе 7,4%) жобаныӊ жылдық өнімділік қуаты 200 мыӊ тоннадан 300 мыӊ тоннаға немесе 50%-ға көбеюде",-деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін облыстық мәслихаттыӊ ХІV сессиясында сөйлеген сөзінде.

Икімніӊ айтуынша Үкімет аталған жобаны мақұлдап, жаӊа зауыттыӊ инфрақұрылымын жүргізу үшін 2018 жылы республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теӊге бөлінетін болды.

Айта кету керек, бұл заманауи, әрі еліміздіӊ барлық қажеттілігініӊ 75%-ын қамтамасыз ететін республикадағы бірден-бір кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт болмақ. Бүгінгі таӊда, кальцийлендірілген сода нарығын 100% импорттық өнімдер құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны