21.02.2014, 19:27 5520

Қызылорда облысында қаржы полициясы мен аймақтың Кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

Бірлескен іс-шаралар өңірдің "бизнес-климатын" одан әрі жақсартуға, кәсіпкерлердің белсенділігінің өсуіне қолайлы жағдайлар жасауға себеп болуды көздейді.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. Қызылорда облысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аймақтық директоры Дінмұхаммед Ибсаттаров пен ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің бастығы Мақсат Қожабаев кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мәселелері жөнінде өзара қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойды.

Аймақтың кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы өз бизнес алаңында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментімен бірлескен ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қойды.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау мен жолын кесуге бағытталған, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ақпарат алмасу, сондай-ақ өзге де проблемаларды талқылауға бағытталған дөңгелек үстелдер мен кездесулерді бизнес-қауымдастық өкілдерін қатыстыра отырып ұйымдастыру болып табылады.

Бірлескен іс-шаралар өңірдің "бизнес-климатын" одан әрі жақсартуға, кәсіпкерлердің белсенділігінің өсуіне қолайлы жағдайлар жасауға себеп болуды көздейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны