28.01.2014, 19:27 5169

Қызылорда облысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Қызылорда облысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, деп Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. Қызылорда облысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, деп Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы және "Даму" Кәсіпкерлікті қолдау қорының Қызылорда облысындағы аймақтық филиалы өзара қарым қатынас жайлы келісімшартқа қол қойды. Оның нәтижесінде, бірлескен іс-шара аясында, Кәсіпкерлерді қолдау орталығы өз жұмысын бастады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы Кеңес беру орталығы мен Жобаларды қолдау орталығын іске қосатындығын жария етті. Ашылып отырған орталықтардың негізгі мақсаты - аймағымыздың кәсіпкерлеріне кеңес беру және сервистік қолдау қызметтерімен ақысыз және тұрақты түрде қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы және Кеңес беру орталықтарында әрбір кәсіпкер мемлекеттік қолдау, оның ішінде, субсидия және кепілдік, салықтық және кедендік әкімшілік ету, мемлекеттік және жүйе құраушы кәсіпорындарын сатып-алу, статистикалық және бухгалтерлік есеп, сонымен қатар құқықтық жағынан қамтамасыз ету туралы кеңес алып тұрады.

Сондай-ақ, жобаларды қолдау орталығында кәсіпкер бизнесті жүргізу негіздері, оның ішінде, стартап жобалары және іске асырылған бизнесті дамыту, бизнес-жобаларды жасау, әріптестерді, құрал-жабдықтарды және инвестиция көздерін қарастыру туралы ақпарат және кеңес ала алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны