15.05.2017, 13:57 4530

Қызылорда облысында кәсіпкерлік саласындағы шағын несиелерге кепілдік берудіӊ барысы мен ережелері талқыланды

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында "ҚазАгроКепіл" АҚ мамандары кәсіпкерлермен және аймақтағы қаржы институттары өкілдерімен кездесіп, мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлік саласына берілетін шағын несиелерге кепілдік берудіӊ барысы мен ережелері талқыланды.

Қызылорда. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында "ҚазАгроКепіл" АҚ мамандары кәсіпкерлермен және аймақтағы қаржы институттары өкілдерімен кездесіп, мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлік саласына берілетін шағын несиелерге кепілдік берудіӊ барысы мен ережелері талқыланды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қатысты 16 млн.теӊгеге дейін несие алуы жайлы айтылған болатын. Кәсіпкерлер палатасына келіп кеӊес алушылардыӊ басым бөлігін осы мәселе қызықтыруда. Мұнан өзге, аймақ тұрғындары тарапынан кәсіпкерлерге берілетін шағын несиеге кепілдік беру мәселесіне қатысты да сұрақтар жиі қойылып келеді.

Осы ретте, шара барысында "ҚазАгроКепіл" АҚ атқарушы директоры Ұлан Диянов кәсіпкерлерге кепілдік беру механизмін түсіндіріп берді.

Оныӊ айтуынша, "ҚазАгроКепіл" АҚ коммерциялық емес ұйым. Биылғы жылдан бастап "ҚазАгроКепіл" АҚ "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредиттеуге кепілдік беру бағдарламасын іске қосқан.

Қызылорда облысында да "ҚазАгроКепіл" АҚ-ныӊ өкілдігі жұмыс жасауда. Өкілдіӊ аты-жөні: Шыӊғыс Нысанов. Мекеменіӊ мекен-жайы мен байланыс телефоны: Қызылорда қаласы, Ийтеке би 15, 8 777 250 90 18.

Осы ретте, кепілдіктерді беру шарттарын айтып өтсек:

- "Аграрлық Кредиттік Корпорация" АҚ қорландыратын ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кәсіпті ашуға, бар кәсіпті кеӊейтуге, кооперативтерді құруға микроқаржылық ұйымдар арқылы шағын несиеге мақұлдама алу;

- шағын несиені алу үшін өтініш беру алдында есеп берудіӊ соӊғы күніне салықтарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналары мен бюджетке төленетін басқа төлемдердіӊ жоқтығы, сондай-ақ қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешектіӊ жоқтығы;

- бағдарлама аясында кепілдендірудіӊ қатысушысы, орта және ірі кәсікерлік субъектілері бола алмайды.

Кепілдендірілген шағын несиеніӊ негізгі шарттары:

- шағын несие берудегі максимальды сома - 8000 АЕК дейін;

- шағын несие беру мерзімі - 7 жылға дейін;

- жылдық пайыздық мөлшерлеме - 6%;

"ҚазАгроКепіл" АҚ бастаушы кәсіпкерлер үшін шағын несие сомасын 85 пайызға дейін, жұмыс жасайтын кәсіпкерлер үшін 50 пайызға дейін кепілдік бере алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны