11.05.2014, 19:24 2905

Қызылорда облысында кен байыту фабрикасының құрылысы жалғасуда

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев пен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл ауқат қоры төрағасы Өмірзақ Шөкеев бастаған топ Шалқия кенішінде болып, "Оутотек" компаниясының кен-байыту фабрикасы жобасымен танысты.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев пен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл ауқат қоры төрағасы Өмірзақ Шөкеев бастаған топ Шалқия кенішінде болып, "Оутотек" компаниясының кен-байыту фабрикасы жобасымен танысты.

Ө.Шөкеев қанша адамды жұмыспен қамтиды деген сауалға 500 жұмысшы жұмысқа тартылады деп жоспарлануда, ал айлық жалақысы 800 доллар көлемінде болатындығын хабардар етті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Ал мамандар мәселесінде Шиелідегі индустриялық және Жаңақорғандағы аграрлы техникалық колледжінің базасынан кадрлар дайындауды алға тартты.

Өз кезегінде аймақ басшысы Қ.Көшербаев бұл жөнінде жуырда ғана Мәскеулік оқу ордасымен екі жақты келісім-шарт негізінде 100-ден астам талапкерді оқытқалы жатқандығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар Шалқия мен кеніш арасындағы 20 шақырым жолды жөндеу мәселесі көтерілді. Айта кету керек кен орнын қайта жандандыру жұмыстары алда жалғасатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны