25.05.2017, 15:16 4821

Қызылорда облысында кен байыту комбинатыныӊ құрылысына 15 млн. доллар инвестиция тарту жоспарлануда

2017 жылы аймақ экономикасын әртараптандыру мақсатында облыс үшін маӊызды индустриялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жалғасатын болады. Жыл соӊына дейін "Баласауысқандық" ванадий кен орнында кен байыту комбинатыныӊ құрылысына 15 млн. доллар инвестиция тарту жоспарлануда деді- Қырымбек Көшербаев.

Қызылорда. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық телеарнасыныӊ тікелей эфирінде өткен "Икім сағаты" хабарында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтыӊ тыныс-тіршілігі мен алдағы жоба-жоспарлар жайлы тарата айтты.

Аймақ басшысы хабарда осы айдыӊ аяғында Арал қаласында өтетін халықаралық форумға да тоқтала кетті.

-Соӊғы жылдары Арал экологиясына тиісті орындар тарапынан жеткілікті көӊіл бөлінбей келеді. Осыған орай біздіӊ ҚР Президенті Икімшілігіне жасаған ұсынысымыз негізінде Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өткізіліп, бұл бағытта біраз мәселеніӊ шешімі айтылды. Соныӊ бірі 30-31 мамыр күндері Арал қаласында өтетін халықаралық форум.

Мысалы, тартылған Аралдыӊ табанынан ұшқан тұз Антрактидаға жетіп отыр. Мына жанымыздағы Байқоӊырдыӊ да экологиялық зардабы әлі толық зерттелген жоқ. Осыныӊ бәрі өӊірдіӊ тұрақты дамуына да кедергісін тигізіп отыр. Форумға шақырылған тиісті халықаралық ұйымдар өкілдері алдында осы мәселені айтып, ортақ мәселе жөнінде ойласамыз. Және жыл сайын өӊірде осы форумды өткіземіз деген ойымыз бар. Бұл шара аймақтыӊ әлеуметтік, экологиялық проблемасын шешуге өз үлесін қосады деп ойлаймыз, - деді облыс әкімі.

Осы орайда аймақ басшысы жан-жақты мәселелерді қамти отыра индустриялық жобаларды да тілге тиек етті.

- 2017 жылы аймақ экономикасын әртараптандыру мақсатында облыс үшін маӊызды индустриялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жалғасатын болады. Жыл соӊына дейін "Баласауысқандық" ванадий кен орнында кен байыту комбинатыныӊ құрылысына 15 млн. доллар инвестиция тарту жоспарлануда деді- Қырымбек Көшербаев.

Телекөрерменмен тікелей байланыс аясында аудан тұрғындарыныӊда сұрақтары елеусіз қалған жоқ. Тұрғындардан келіп түскен сұрақтардыӊ бірі, апаттық жағдайда тұрған білім ошақтарыныӊ қазіргі жайы еді.

- Біздіӊ өӊірде бас-аяғы 37 апатты мектеп болған. Бүгінде соныӊ 25-ін салып бітірдік. Қалған 12 білім ошағыныӊ тоғызын жазға дейін салып бітіреміз. Ал қыркүйекке дейін соӊғы 3 мектеп те дайын болады. Осылайша біз апатты мектеп деген түсінікті түбегейлі жоямыз деді- аймақ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны