09.12.2011, 17:23 4253

Қызылорда облысында күкірт қышқылын шығаратын зауыт іске қосылды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың айтуынша, аграрлы аймақтан индустриялы аймаққа айналған Сыр өңірі 5 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірген. Соңғы 10 жылда шағын бизнес субъектілері 7 есеге артқан. "Бүгін "ҚазАтомӨнеркәсіп" компаниясы арқасында салынған күкірт қышқылы зауытын ашқалы отырмыз. Бұл ТМД-да баламасы жоқ зауыт, жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын шығаратын болады", - деді облыс әкімі.

Қызылорда. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде онлайн режиміндегі телекөпір арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысындағы күкірт қышқылы зауытын іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың айтуынша, аграрлы аймақтан индустриялы аймаққа айналған Сыр өңірі 5 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірген. Соңғы 10 жылда шағын бизнес субъектілері 7 есеге артқан. "Бүгін "ҚазАтомӨнеркәсіп" компаниясы арқасында салынған күкірт қышқылы зауытын ашқалы отырмыз. Бұл ТМД-да баламасы жоқ зауыт, жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын шығаратын болады", - деді облыс әкімі.

Іске қосу барысында Президент қызылордалықтарды Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында жеткен жетістігімен құттықтады. "Бұл өңірдегі өндірістің барлық салаларындағы нысандармен таныспын. Қызылорда халқы сондай өндірістің арқасында жаңаша өсіп-өніп келе жатыр. Жаңа жұмыс орындары, жаңа нысандар бұның барлығы ел тәуелсіздігінің арқасы", - деп атап өтті Елбасы Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны