Система Orphus

Қызылорда облысында мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 674 млн теңге жұмсалады

18.07.2014, 19:11 1115

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Қызылорда облысында 15 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы қарсаңында аяқталады. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 674 млн. теңге бөлінді, - деп аймақ басшысының әкімдігінен хабарлады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы "Жұмыспен қамтудың жол кратасы - 2020" бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Тасбөгет ауылындағы білім ошағы жөнге келтірілуде.

Ауылдық мектептердің бірі 1978 жылы бой көтерген. Міне, содан бері ол бірде-бір жөндеуді көрмеген екен. Бұл білім ордасын қалпына келтіру мақсатында жергілікті қазына қорынан 66 млн. теңге бөлінді. Бүгінде мектептің терезелері мен едендері ауыстырылып қойған.

Осындай мектептердің бірінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін облыстық бюджеттен 22 илн теңге бөлініпті. Қазіргі таңда білім ордасының қабырғалары сыланып, терезелері мен едендері ауыстырылуда.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны