01.11.2006, 17:42 2847

Қызылорда облысында мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдайтын теміржол цистерналарын тазарту станциясы пайдалануға берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 1-қараша. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдайтын теміржол цистерналарын тазарту станциясы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"ВIS"ЖШС-нің бас директоры Ділдәхан Ахметовтың айтуынша, елімізде осы тектес станция бұған дейін болмаған. "Мұнда бір тәулікте 150 цистернаны тазартуға болады. Бұл - үш бірдей теміржол составы деген сөз",- деді ол.

Жобаның құны 1 млрд. теңгеден асады. Кешен екі жылда салынып бітті.

""ВIS" - осы бағыттағы басқа кәсіпорындардан озық технологияларды қолданатындығымен ерекшеленеді",- деді А.Ахметов.

Цистерналарды тазарту үшін әдетте бу пайдаланылады. Мұндай жағдайда ауаға зиянды заттардың тасталуынан құтылу мүмкін емес. "Цистерна 9 атмосфера қысымда жуылғаннан кейін жуынды сүзіледі. Бұдан кейін ол тазарту кешеніне жіберіліп, мұнай мен су бөлінеді. Өндірістік қалдықтар деген болмайды",- деді бас директор.

Д.Ахметовтың айтуынша, жобаның келесі кезеңінде Қызылорда облысында сапалы жанармай мен дизельдік отын өндіретін шағын зауыт салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны