16.02.2017, 20:13 5170

Қызылорда облысында өӊдеу өнекәсібі саласында бірқатар кәсіпорындар салынуда

Қызылорда облысында жергілікті шикізатты өӊдейтін, өнімдері әлемдік нарықта сұранысқа ие болатын бірқатар кәсіпорындар салынуда. Бұл жөнінде Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпандағы халыққа есеп беру кездесуінде мәлім етті, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қызылорда. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жергілікті шикізатты өӊдейтін, өнімдері әлемдік нарықта сұранысқа ие болатын бірқатар кәсіпорындар салынуда. Бұл жөнінде Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпандағы халыққа есеп беру кездесуінде мәлім етті, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

2016 жылы екі цемент зауытыныӊ құрылысы басталды. Жаӊақорған ауданында құрылыс цементі өндірісі және Шиелі ауданында тампонажды цемент өндірісі. Бұл екі жоба бойынша инвестицияныӊ көлемі 74 млрд теӊгені құрайды. Оларды іске қосу 400-ге жуық жаӊа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Зауыттарды 2018 жылдыӊ басында іске қосу жоспарланған.

- Арал қаласында "Аралтұз" акционерлік қоғамы қуаттылығы 300 тонналық кальцийлендірілген сода зауытыныӊ құрылыс жобасын жүзеге асыруға "Қазақстан Даму банкі" арқылы қаржыландыру мәселелерін шешті. Бұл еліміздіӊ барлық қажеттіліктерініӊ 75 пайызын өтейтін, кальцийлендірілген сода шығаратын республикадағы бірден бір заманауи зауыт болмақ. Айтқандай, индустрияландыру Картасы аясында өндіріске испан цехыныӊ іске қосылуы нәтижесінде "Аралтұз" бүгінгі таӊда өз өнімініӊ 60 пайызын шетелге экспорттуда. Соӊғы екі жылдыӊ өзінде зауыт Ресейдіӊ ас тұзы нарығыныӊ 12 пайызын иеленді. Ал, 2016 жылы кәсіпорын ас және техникалық тұз шығаратын екінші цехты іске қосты. Нәтижесінде, әсіре ұнтақ ас тұзын өндіру көлемі жеті есе ұлғайды. Шығарылатын өнімдердіӊ түрі көбейді және қосымша 200-ден астам жұмыс орны құрылуда,- деп мәлімдеді облыс әкімі.

Қызылорда қаласыныӊ индустрияландыру аймағында үшоксидтік молибден өндірісі бойынша ("Тримо" ЖШС) кәсіпорын жұмысын бастайды. Кәсіпорынныӊ өнімдері атом энергетикасы мен авиациялық-ғарыштық техникада, микро және оптоэлектроникада пайдаланылады. Өнімдерді Жапонияға экспорттау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны