08.09.2017, 16:02 6528

Қызылорда облысында өнімі экспортқа бағытталған 2 жобаны іске қосу жоспарланып отыр

Биылғы жылы Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында өнімі экспортқа бағытталған 2 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Қызылорда. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биылғы жылы Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында өнімі экспортқа бағытталған 2 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Оныӊ бірі, екінші жарты жылдықта іске қосылатын "Тримо" серіктестігініӊ "Үшоксидті молибден өндіру" жобасы. Өндірілген өнім Жапония және т.б. елдерге 100% экспортталады Құны - 871,5 млн.теӊге, қуаты - 500 тонна молиб өндіреді. Жоба барысында 58 адамды жұмыспен қамтымақ.

Екінші ірі жоба - "Шыны зауыты" жобасы жыл соӊына дейін іске қосылуы жоспарланған. Құны - 36,7 млрд.теӊгені құрайтын жоба іске асқанда 226 адамды жұмыспен қамтиды.

2017 жылғы 15 мамырда Мемлекет басшыларыныӊ Пекин қаласында "Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумында кездесуі аясында қытайлық "Чайна Триумф" компаниясы мен "Orda Glass" ЖШС шыны зауытыныӊ құрылысын үстіміздегі жылғы желтоқсанда аяқтау жөнінде меморандумға қол қойылды.

2017 жылдыӊ 28 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-министрініӊ өӊірге жасаған іс-сапар аясында аталған кәсіпорындар арасында шыны зауытыныӊ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге келісімге қол қойылды.

Бүгінгі күні құрылыс алаӊына әлемніӊ жетекші елдері - АҚШ, Италия, Финляндия, ҚХР-нан құрал-жабдықтар 100% толық жеткізілген. Металл конструкцияларды құрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны