07.08.2017, 19:35 5058

Қызылорда облысында осы жылдыӊ 6 айында екінші деӊгейлі банктер арқылы жеӊілдетілген несиеге 50 шағын және орта бизнес субъектілері қол жеткізді

Қызылордла облысында осы жылдыӊ 6 айында екінші деӊгейлі банктер арқылы жеӊілдетілген несиеге 50 шағын және орта бизнес субъектілері қол жеткізді

Қызылорда. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында осы жылдыӊ 6 айында екінші деӊгейлі банктер арқылы жеӊілдетілген несиеге 50 шағын және орта бизнес субъектілері қол жеткізді.

Жалпы сомасы 1,9 млрд теӊге көлемінде несие беріліп, кәсіпкерлерге несиесін өтеудіӊ ауыртпалығын жеӊілдету мақсатында мемлекет тарапынан үстеме пайызы субсидиялануда.

Мемлекет есебінен төленген субсидияныӊ сомасы бірінші жарты жылдықта 374 млн. теӊгені құрап отыр.

Банкте кепілмүлкі қажеттілігі кезінде кепілдендіру құралын пайдаланылатын жобалар саны 4 есеге көбейді. "Даму" Қорыныӊ бөлшек кепілдендіру құралыныӊ көмегімен кәсіпкерлердіӊ кепілмүлкініӊ жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндіктері бар.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "БанкЦентрКредит" АҚ аймақта шағын және орта бизнесті несиелендіру бойынша еӊ белсенділер қатарынан көрінуде. Салалар бойынша қолдау тапқан жобалардыӊ басым бөлігі өӊдеу өнеркәсібі, транспорт және қойма қызметі, тұрғын үй мен тамақтану бағыттарында жүзеге асырылып отыр. "Даму" Қорыныӊ Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 2017 жылдыӊ бірінші жарты жылдығына 2564 әлеуетті және әрекет етуші кәсіпкер қызметтерге жүгінді. Қор кеӊесшілері көмегімен жеке кәсіпкерлік субъектілерініӊ 38 жобасы қаржыландыруға дейін сүйемелденді, 68 адам ресми түрде өз бизнесін тіркеді.

"Жаӊа бизнес бастамаларды қолдау" бағдарламасы аясында бизнес құру мен дамытуды мақсат еткен 73 қатысушы оқудан өтті, оныӊ ішінде 19 қатысушы жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркелді.

Шағын және орта бизнес басшыларыныӊ біліктілік құзіреті деӊгейін көтеруге бағытталған "Шағын және орта бизнес топ-менеджерлерін оқыту" жобасы бойынша "Назарбаев Университеті" АҚ базасыныӊ бизнестіӊ жоғары мектебінде 9 кәсіпкер оқудан өтті.

Жыл басынан бері "Даму-Көмек" бағдарламасы бойынша 17 мұмкіндігі шектеулі кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді. 2017 жылдыӊ бірінші жарты жылдығына "Даму" Қорыныӊ Қызылордалық филиалы тарапынан "Өзгерістерге ұмтылыс" атты мүгедектігі бар кәсіпкерлердіӊ облыстық форумы ұйымдастырылды. Форум аясында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердіӊ қолынан шыққан өнімдер мен көрсететін қызметтер ұсынылған көрме өтті. Көрмеде 20аса компания естелік сыйлықтардан құрылыс материалдарына дейінгі түрлі тауарларын назарға ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны