25.04.2017, 19:08 5210

Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ санында фермер қожалықтары 10,9% құрады

Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ санында фермер қожалықтары 10,9% құрады,- деп хабарлайды облыстық статистика комитеті.

Қызылорда. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ санында фермер қожалықтары 10,9% құрады,- деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Қызылорда облысындағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ санын мониторингілеу қорытындысына сәйкес, 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеӊдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 3,5%-ға төмендеді. ШОК субъектілерініӊ жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 75,5%, шағын кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар - 13,4%, шаруа немесе фермерлік қожалықтар - 10,9%, орта кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар - 0,2%-ды құрады. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерініӊ саны Қызылорда облысында 35 238, Қызылорда қаласында 18 399, Байқоӊыр қаласында 298, Аралда 3 155, Жалағаш ауданында 1 470, Жаӊақорған ауданында 2 881, Қазалы ауданында2 669, Қармақшы ауданында 2 113, Сырдария ауданында 1 382, Шиелі ауданында 2 871 бірлікті құрап отыр,- деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны