02.06.2017, 17:00 6850

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес күшейеді

Қызылорда облысы аумағында кездесетін италиялық прус және азиялық шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өӊдеу жұмыстары республикалық бюджеттен қаржыландырылып, 154 325 гектар алқап өӊдеуден өтеді.

Қызылорда. 2 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы аумағында кездесетін италиялық прус және азиялық шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өӊдеу жұмыстары республикалық бюджеттен қаржыландырылып, 154 325 гектар алқап өӊдеуден өтеді. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы аумақтық инспекциясыныӊ басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлімдеді.

Биыл облыс бойынша италиялық прус зиянкестеріне қарсы 68 378 гектар, ерекше қауіпті азиялық шегіртке зиянкестеріне қарсы 84947 гектар жер өӊделеді. Сондай-ақ, ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы республикалық бюджет есебінен 11757 литр пестицид бөлініп, барлық аудандарға жеткізілген.

Инспекция басшысыныӊ мәліметіне сәйкес шегірткеге қарсы химиялық өӊдеу жұмыстары 27 мамырдан бастап жүргізілуде.

- Үкімет қаулысымен бекітілген тізімге саяқ шегірткелер де енгізілген. Оған қарсы 40 571 гектар жер химиялық өӊдеуден өтті. Ол жұмыстарға 10 арнайы жер агрегаты және 2 аса жеӊіл ұшақ қатыстырылуда. Жалпы облысқа қарасты барлық аудандардыӊ аумақтық инспекциялары химиялық өӊдеу жұмыстарын жүргізетін арнайы техникалармен толығымен қамтамасыз етілді. Қазір облыс бойынша 4 аса жеӊіл ұшақ, 8 арнайы жер агрегаты және 11 арнайы бүріккіш жер агрегаттары бар, - деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны