18.09.2018, 17:25 4004

Қызылорда облысында шыны зауытыныӊ 240-қа жуық адам жұмыс істеуде

Зауыт құрылысыныӊ екінші кезеӊінде 500 жаӊа жұмыс орнын, ал пайдалануға бергеннен кейін шамамен 150-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Қызылорда. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өткен демалыс күндері Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев шыны зауытыныӊ құрылыс алаӊына барып, іске қосылатын барлық 4 нысанныӊ құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қазіргі уақытта құрылыс алаӊында 17 мердігер компанияда 240-қа жуық адам жұмыс істеуде.

Барлық 4 кешенді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде:

"Дайын өнім қоймасы" - бірінші кешен бойынша - 85%;

Екінші - "Ішкі темір жол" кешені бойынша - 52%;

Үшінші - "Негізгі цехтар" кешені бойынша - 45%;

Төртінші - "Ішкі инженерлік желілер" кешені бойынша - 7% жұмыс аяқталған.

Бюджеттік қаражат есебінен шыны зауытына қажетті барлық инфрақұрылым жеткізіледі. Бүгінгі таӊда газ құбырыныӊ екі тармағы, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электр желілері, жолдар мен байланыс желілері тартылды.

Биылғы жылдыӊ қараша айына дейін темір жолдыӊ құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Бұған дейін айтылғандай, зауыт құрылысыныӊ аяқталуы ағымдағы жылдыӊ аяғына жоспарланған. Осыған байланысты облыс әкімдігі құрылысты уақытында аяқтау үшін тиісті жұмыстарды атқаруда.

Айта кету керек, "Чайна Триумф" компаниясы күн батареялары, смартфондар мен планшеттер ( қуаттылығы күніне 250 тонна ультра жұқа шыны өндіретін зауыт ) үшін пайдаланылатын өте жұқа әрі ультра мөлдір шыны өндіру үшін жоғары технологиялық зауыт құрылысына инвестор ретінде қосылды.

Жаӊа жобаныӊ құны шамамен 150 миллион АҚШ долларын құрайды.

Өнімдердіӊ негізгі артықшылықтары - қалыӊдығы 0,15 мм тегіс және оптикалық бұрмалануы төмен шыны болып табылады.

Зауыт құрылысыныӊ екінші кезеӊінде 500 жаӊа жұмыс орнын, ал пайдалануға бергеннен кейін шамамен 150-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Қазіргі таӊда жеке адам ғана емес, тұтас халықтыӊ өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттыӊ аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еӊбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттыӊ табысты болуы оныӊ табиғи байлығымен емес, адамдарыныӊ бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны