28.06.2017, 17:14 4212

Қызылорда облысында соӊғы 4 жылда балық өнімдерініӊ экспорты 3 есеге артты

Қызылорда облысыныӊ Арал балығы Еуропада ерекше танымалдылықпен тұтыныла бастады. Бүгінде 8 балық өӊдеу зауытыныӊ 3-уініӊ евро коды бар және олар Еуропа үшін балық өнімдерін экспорттайды.

Қызылорда. 28 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Арал балығы Еуропада ерекше танымалдылықпен тұтыныла бастады. Бүгінде 8 балық өӊдеу зауытыныӊ 3-уініӊ евро коды бар және олар Еуропа үшін балық өнімдерін экспорттайды.

Бүгінде Қызылорда облысында "Сырдария өзенініӊ арнасын реттеу және Арал теӊізініӊ солтүстік бөлігін сақтау" жобасыныӊ (САРАТС-2) екінші кезеӊін жүзеге асыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ жұмыс сапары барысында аймақ экономикасын жаӊғырту мәселелері бойынша өткен жиында мәлімдеді.

- Сыр өӊірініӊ тұрғындары САРАТС-1 жобасыныӊ бірінші кезеӊін жүзеге асырғаны үшін Мемлекет басшысына шынайы ризашылығын білдіреді. Осыныӊ нәтижесінде Кіші Арал экологиясыныӊ жақсаруымен қатар балық өнеркәсібі қайта түледі. Балық шаруашылығы облыс экономикасыныӊ маӊызды салаларыныӊ біріне айналып отыр. Соӊғы 4 жылда біздіӊ аймақта балық өндіру көлемі 65 пайызғы артып, балық өнімдерініӊ экспорты 3 есе ұлғайды. Сонымен бірге біздіӊ кәсіпкер Ульянов облысыныӊ Димитровград қаласында балық өӊдеу зауытын салып, Арал балығы Еуроазиялық Одақ нарығын игеруде, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Оныӊ айтуынша, жобаныӊ екінші кезеӊі Арал өӊірін одан әрі қайта түлетуді, суды пайдалану тиімділігін жақсартуды және Сырдария өзенініӊ төменгі ағысында су ресурстарын басқарудыӊ тиімділігін арттыруды көздейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны