27.06.2008, 14:53 3072

Қызылорда облысында су және жылу тарифтері көтерілмейді

Қызылорда облысында су және жылу тарифтері көтерілмейді

Қызылорда. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында су және жылу тарифтері көтерілмейді. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облыстық департаментінің директоры Нұрлан Пірімов журналистерге арналған брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жыл басынан бері табиғи монополия субьектілерінен жаңа тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге 43 өтініш келіп түсті, олардың 23-і құжаттар толық жіберілмеуге байланысты қарауға қабылданбаса, 5 өтініш кері шақырып алынып, 1 субьектінің тарифін бекітуден бас тартылды", - деді мекеме басшысы.

Н. Пірімовтың айтуынша, "14 субъектінің, соның ішінде жаңадан құрылған 13 субьектінің тарифтері қаралып, өтініштегі тариф 11 - 67%-ға төмендетіле бекітілді. Оның айтуынша, "тарифтерді қайта қарау нәтижесінде экономикалық тиімділік қаражаты 250,3 млн теңгені құрады".

Сөйтіп, 2008 жылдың бірінші жартысында табиғи монополия субьектілерінің қызмет тарифтері 2007 жылғы деңгейде өзгеріссіз қалдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны