31.07.2017, 19:37 8474

Қызылорда облысында суармалы жерлерді қалпына келтіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ есебінше ХҚҰ есебінен 238,6 мыӊ гектар суармалы жердіӊ 188,4 мыӊ гектарын қалыпқа келтіру жоспарлануда.

Қызылорда. 31 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында суармалы жерлерді қалпына келтіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мақсатқа халықаралық қаржы ұйымдарын тарту көзделіп отыр. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ есебінше ХҚҰ есебінен 238,6 мыӊ гектар суармалы жердіӊ 188,4 мыӊ гектарын қалыпқа келтіру жоспарлануда.

Басқарма бұл бағытта "Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру" жобасыныӊ екінші және үшінші фазасы (159,4 мыӊ гектар) мен Азия даму банкі арқылы 29 мыӊ гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасын атап отыр.

Үстіміздегі жылы ПУИД-2 және су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 63 млн. теӊге және Азия даму банкісі арқылы 29 мыӊ гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген су нысандарын құжаттандыруға облыстық бюджеттен 384 млн. теӊге қаржы бөлінді.

Жобаға енген су нысандарын құжаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін оларды белгіленген тәртіпте республикалық меншікке өткізіледі.

Қазіргі таӊда, елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезеӊ-кезеӊімен атқарылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны