04.07.2017, 13:25 4498

Қызылорда облысында түйіршіктелген құрама жем шығарып, күрішті қайта өӊдеумен айналысатын "Жан-Арай" өндіріс орнындағы техникалық реттеу жайы таныстырылды

Кәсіпорынды аралау барысында "ҚазСтИн" Қызылорда филиалы қызметкерлері "Интернет-магазин" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету, нормативті құжаттарды жүзеге асыруды қарқындандыру, 2018-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік стандартизация жоспарын қалыптастыру тәртібі бағытында кеӊестер берді.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - "ҚазСтИн" Қызылорда филиалы және ТРМК Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері "Жан-Арай" өндіріс орнын аралады. Онда кәсіпорындағы техникалық реттеу саласы, Кедендік одақтыӊ техникалық регламенттерін енгізу үшін кәсіпорынныӊ материалдық базасы мен ғылыми-техникалық жағдайыныӊ дайындығы назарға алынды.

"Жан-Арай" ЖШС ауылшараушылығы үшін түйіршіктелген құрама жем шығарып, күрішті қайта өӊдеумен айналысады.

Кәсіпорынды аралау барысында "ҚазСтИн" Қызылорда филиалы қызметкерлері "Интернет-магазин" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету, нормативті құжаттарды жүзеге асыруды қарқындандыру, 2018-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік стандартизация жоспарын қалыптастыру тәртібі бағытында кеӊестер берді.

Стандартизация бойынша нормативті құжаттардыӊ мәліметтер базасын қалыптастыру жайы айтылып, сапа менеджменті жүйесін енгізудіӊ артықшылықтары түсіндірілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны