14.07.2017, 18:26 6493

Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысыныӊ көлемі 64 пайызға артты

"Тұрғындардыӊ өз күшімен салынған тұрғын үй көлемі де 74% өскендігін атап өткен жөн. Осыған қарап халықтыӊ жалпы өмір сүру деӊгейін пайымдауға болады. Биыл "Қызылорда-Жезқазған" трассасыныӊ бойынан тағы 150 гектар аумаққа егжей-тегжейлі жоспарланған жоба дайындалды. Бұл 1200 отбасына жеке тұрғын үй салуға мүмкіндік береді",-деп атап өтті әкім.

Қызылорда. 14 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысыныӊ көлемі 64 пайызға артты. 268 мыӊ шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 64%-ға артық. Тұрғын үй құрылысыныӊ көлемі бойынша облыс бүгінде Астана, Алматы қалалары және Маӊғыстау облысымен қосқанда үздік төрт көшбасшы құрамында.

Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

"Тұрғындардыӊ өз күшімен салынған тұрғын үй көлемі де 74% өскендігін атап өткен жөн. Осыған қарап халықтыӊ жалпы өмір сүру деӊгейін пайымдауға болады. Биыл "Қызылорда-Жезқазған" трассасыныӊ бойынан тағы 150 гектар аумаққа егжей-тегжейлі жоспарланған жоба дайындалды. Бұл 1200 отбасына жеке тұрғын үй салуға мүмкіндік береді",-деп атап өтті әкім.

Тұрғындарға несиелік тұрғын үйді барынша қолжетімді ету үшін "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ несиелерін беруде алғашқы төлемді 30%-дан 15%-ға дейін төмендету жөнінде мәселе қарастырылуда.

"Халықтыӊ әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігініӊ мүдделерін қорғау мақсатында жаӊа тұрғын үйге орналастыру уақытын созып отырмыз. Облыс әкімдігі бұл мәселеде Үкімет тарапынан қолдау болады деп үміттенеді, өйткені, бұл жағдай өзге өӊірлерге де тән. Дегенмен, аталған жағдай "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі"АҚ бақылауында қала береді",-деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кету керек, мемлекет қаражатыныӊ есебінен ағымдағы жылдыӊ басынан бері 980 пәтерлік 19 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соӊына дейін 1809 пәтерлік 41 көппәтерлі үй, оныӊ 11-і халықтыӊ әлсіз қорғалған топтары үшін (яғни, жалгерлік тұрғын үй) пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны