29.07.2008, 12:52 1307

Қызылорда облысында түсім жинау науқаны аяқталып келеді

Қызылорда облысында түсім жинау науқаны аяқталып келеді

Қызылорда. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында түсім жинау науқаны аяқталып келеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Омархан Пашкенов хабарлады.

Оның ақпаратына сәйкес, 6,2 мың гектар күздік бидайдың қазір 5800 гектары орылды. Орташа шығымдылық бір гектардан 10,5 центнерді құрайды. Жаздық бидайдан да 1885 гектардан 1750 гектар түсім жиналып, орташа шығымдылық бір гектардан 8,1 центнерді құрады. Арпа егістігі 525 гектарға дейін азайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны