12.06.2017, 18:27 4298

Қызылорда облысында "Уылдырық - 2017" акциясы қорытындыланды

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдарымен бірлесіп акция шеӊберінде күшейтілген рейд жұмыстарын ұйымдастырды.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысыныӊ орынбасары Марат Нұрмағамбетов Өӊірлік коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Онда көктемгі балықтардыӊ уылдырық шашып көбею мезгілінде өткізілетін "Уылдырық - 2017" акциясы сөз болды.

Аймақта балықтардыӊ уылдырық шашу мерзімдері Сырдария өзенінде 1 сәуір - 30 мамыр, жергілікті балық шаруашылығы су айдындарында 20 сәуір -10 маусым, ал Кіші Арал теӊізінде 1 мамырдан - 10 маусым аралығында балық аулауға тыйым салынған болатын.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдарымен бірлесіп акция шеӊберінде күшейтілген рейд жұмыстарын ұйымдастырды.

Облыс бойынша жыл басынан бүгінгі күнге 255 балық қорғау заӊнамасын бұзушылық анықталып, 162 ереже бұзушыға 1 млн. 908 мыӊ теӊге айыппұл салынып, оныӊ 1 млн. 817 мыӊ теӊгесі өндірілді (95,2 %). Балық аулау ережесін бұзушылардан 94 ау, 2844 келі балық тәркіленіп, балық қорына келтірілген залал құны 768 мыӊ теӊгеніӊ 454,5 мыӊ теӊгесі өндірілді.

- Балықтардыӊ уылдырық шашып көбею мезгілінде инспекция тарапынан ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар барысында, облыс бойынша 124 балық қорғау заӊнамасын бұзушылық анықталып, оныӊ ішінде 71 іс сот орындарыныӊ қарауына жіберіліп, 53 ереже бұзушыға 623 мыӊ 975 теӊге айыппұл салынған. Балық аулау ережесін бұзушылардан 48 ау, және 1506,4 келі балық тәркіленіп, балық қорына келтірілген залал құны 538 мыӊ 100 теӊге салынып, 259 мыӊ 775 теӊгесі өндірілді, қалған залал құны өндіру үшін сот органдарына жолданды, - дейді М.Нұрмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны