25.06.2018, 22:39 5389

Қызылорда облысында жалпы сомасы 986 млн. АҚШ долларын құрайтын 7 ірі жоба іске асырылуда

Қызылорда облысында "KazakhInvest" қолдауымен қазіргі уақытта инвесторлардыӊ қатысуымен жалпы сомасы 986 млн. АҚШ долларын құрайтын 7 ірі жоба іске асырылуда. Бұл - облыста қосымша 2,5 мыӊ жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "KazakhInvest" қолдауымен қазіргі уақытта инвесторлардыӊ қатысуымен жалпы сомасы 986 млн. АҚШ долларын құрайтын 7 ірі жоба іске асырылуда. Бұл - облыста қосымша 2,5 мыӊ жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп атап өтті Қызылорда қаласындағы Инвесторлар тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі аймақтық кеӊес отырысыныӊ барысында "Kazakh Invest" басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев.

Отырысқа Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ. Көшербаев, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясыныӊ басшылығы,өӊірдіӊ бизнес-қоғамдастығыныӊ өкілдері қатысты.

Отырыста Кеӊес мүшелері ағымдағы инвестициялық жобалардыӊ, атап айтқанда "Компания Гежуба Шиели цемент" ЖШС-ніӊ жылына қуаты 1 млн. тоннаны құрайтын цемент зауытын, "Юлдизлар Холдинг ССС" керамикалық бұйымдар шығару зауытын салу жөніндегі жобалардыӊ іске асырылуын талқылады.

"Жаӊа жобаларға инвестициялар тарту үшін Қызылорда облысы әкімдігімен бірге "Үлкен Төрттік" кеӊесшілерініӊ қатысуымен әлеуетті "тауашаларды" талдау жөніндегі жұмыс алдын ала жүргізіліп, инвесторларды тартуға арналған нақты жобалар анықталды. Оныӊ қорытындысы бойынша, стратегиялық инвесторларды белсенді түрде тарту және халықаралық стандарттарға сәйкес "шегелеу" қажет болатын 10-нан астам ірі жоба анықталды", - деп атап өтті С.Тұяқбаев.

Аймақтық кеӊес отырысыныӊ барысында АӨК, ТМК, МЖИ салаларындағы әлеуетті жобалар белгіленді.

Қызылорда облысыныӊ әкімдігінде аталып өткеніндей, инвесторлар үшін жайлы жағдайлар жасаудыӊ арқасында ағымдағы жылдыӊ қаӊтар-мамыр айларында Қызылорда облысыныӊ негізгі капиталынашамамен 66 млрд.теӊге инвестиция тартылды.

"Инвесторлардыӊ жайлылығы үшін облыста кәсіпкерлерге қызмет көрсетудіӊ бірыӊғай орталығы жұмыс істейді, онда барлық қызметтерді бір жерде алу мүмкіндігіне қол жеткізуге болады. Аймаққа инвесторларды тарту мақсатында 2018 жылғы қаӊтар-мамыр айларында 11 роуд-шоу ұйымдастырылды, олардыӊ қорытындысы бойынша бүгінгі таӊда шетелдік инвесторлармен 3 меморандумға қол қойылды", - деп атап өтті Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев.

Аймақтық кеӊес отырысында сондай-ақ "Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйеелдеу" жобасыныӊ таныстырылымы болып өтті.

Анықтамалық ретінде: 2018 жылғы 5 айдыӊ қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялардыӊ көлемі 15,4%-ға ұлғая отырып,65,9 млрд. теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны