06.01.2014, 21:51 3259

Қызылорда облысында жедел жәрдем бекетіне 26 мамандандырылған санитарлы автокөлік алынды

Хабарламада айтылғандай, аталмыш реанимобильдер аудан және облыс орталығының жедел медициналық қызмет станцияларына үлестірілді.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. Кеше, 5 қаңтарда, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жедел жәрдем қызметкерлеріне мамандандырылған 26 санитарлық автокөлік кілтін тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми порталы.

Хабарламада айтылғандай, аталмыш реанимобильдер аудан және облыс орталығының жедел медициналық қызмет станцияларына үлестірілді.

"Салтанатты түрде реанимобиль кілттерін тапсыру барысында облыс әкімі денсаулық сақтау саласындағы облыстың жетістіктерін, атап айтар болсақ, автоматтандырылған диспечерлік-ақпараттық қызметті енгізу (АДАҚ), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету секілді жетістіктерді тілге тиек етті", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны