16.02.2017, 20:20 5196

Қызылорда облысындағы негізгі дақыл - күріш экспортыныӊ жаӊа нарықтары игеріле бастады

Алғашқы кезекте біз негізгі дақылымыз күріш үшін жаӊа нарықтарды игере бастадық. Қазір Қытайға 20 мыӊ тонна күріш жөнелту бойынша келіссөздер жүргізілуде, Түркия мен Англияға күріш өткізу мәселелері қарастырылуда. Эмбарго алынғаннан кейін бізге Иранныӊ үлкен рыногына жол ашылды.

Қызылорда. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Сыр маржаны шетелде жоғары сұранысқа ие. Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарға есеп беру кездесуінде баяндады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Икімніӊ айтуынша, тұрақты даму ағымы агроөнеркәсіп саласында да байқалады. 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 еседен артық өсті. Бұдан бөлек, Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығы мерейлі мерекесі қарсаӊында Сыр күрішшілері ел тарихында күріштіӊ әр гектарынан 56 центнер, ал, жекелеген шаруашылықтар 80 центнерге дейін өнім жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

- Соӊғы 3 жылда күріштіӊ жалпы жиынтық өнімі үштен бір бөлікке көбейді (32 пайыз), бұған дақыл көлемін ұлғайтудан емес, қайта күріш сұрыптарыныӊ өнімділігін арттыру есебінен қол жетіп отыр. Біз облыс тарихында алғаш рет ауылшаруашылығы өнімдерін тарату нарығына кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізіп, оны аграрлық сектордыӊ мүмкіндігімен және әлеуеттерімен байланыстырдық. Осы зерттеулердіӊ негізінде облыстыӊ 2020 жылға дейінгі агроөнеркәсіптік кешенін дамытудыӊ агрокартасы жасалды,- деді облыс әкімі кездесу барысында.

Облыста ауыл шаруашылығын дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі Агрокартасында негізгі міндет ретінде экспорттық әлеуетті арттыру айқындалып, өнім өткізу нарығын кеӊейту арқылы Парсы шығанағы елдеріне (Иран, Біріккен Араб Имірліктері), Орталық Азияға (Қытай) және Шығыс Еуропаға шығу көзделген.

- Алғашқы кезекте біз негізгі дақылымыз күріш үшін жаӊа нарықтарды игере бастадық. Қазір Қытайға 20 мыӊ тонна күріш жөнелту бойынша келіссөздер жүргізілуде, Түркия мен Англияға күріш өткізу мәселелері қарастырылуда. Эмбарго алынғаннан кейін бізге Иранныӊ үлкен рыногына жол ашылды. Бұл мемлекет жыл сайын 5 млн тоннаға дейін күріш тұтынады, оныӊ теӊ жартысын сырттан тасымалдайды. Осы нарықты игеру мақсатында 2016 жылы Иран елінде үлкен сұранысқа ие "Тором Хошеми" күріш сортын тәжірибелік негізде өсірдік. Иран кәсіпкерлері бізден күріш сатып алатын болды, тіпті, өндірісті қаржыландыруға әзір екендерін білдірді. Бұл жөнінде біз 1 ақпанда Мазандаран провинциясыныӊ басшылығымен болған кездесу барысында келісімге келдік,- деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны