11.07.2017, 16:12 8134

Қызылорда облысындағы "Шиелі құс" фермасында күніне он мыӊ дана жұмыртқа өндіріледі

Жалпы бұл жоба құс өсіру бағытындағы ірі бастаманыӊ бірі. Аудандағы құс шаруашылығыныӊ жолға қойылуы аймақтағы нарық бағасыныӊ арзандауына себеп болып отыр. Бүгінде жергілікті жерде өндірілген өнім базарлар мен сауда орындарында 15 теӊгеден сатылуда

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы "Шиелі құс" фермасы алғашқы өнімдерін бере бастады. Бүгінде құс фермасында күніне он мыӊ дана жұмыртқа өндіріледі. Игі істі аудан тұрғыны Насырбек Мырзабеков қолға алған.

Он бір мыӊнан астам қанаттыны күтімге алған ферманыӊ құрал-жабдықтары Қытай мемлекетінен арнайы тапсырыспен әкелініпті.

Жалпы бұл жоба құс өсіру бағытындағы ірі бастаманыӊ бірі. Аудандағы құс шаруашылығыныӊ жолға қойылуы аймақтағы нарық бағасыныӊ арзандауына себеп болып отыр. Бүгінде жергілікті жерде өндірілген өнім базарлар мен сауда орындарында 15 теӊгеден сатылуда.

"Мөлдір және К" ЖШС директоры Насырбек Мырзабековтіӊ айтуынша Қытайдыӊ Чжонджу қаласындағы құс фермасына арналған құрал-жабдықтар сататын компаниямен келісім-шарт жасалған.

- Былтыр қараша айында сол компанияныӊ өкілдері келіп барлығын орнатып, түсіндіріп кетті. Хайсекс Браун деп аталатын түрінен балапандарды "Шымкент құс" фабрикасынан сатып алдық. Құстар мамыр айынан бастап жұмыртқалай бастады. Қанаттыларға арнайы әзірленген құнарлы жем беріледі. Фермада 7 адам жұмыспен қамтылған, - дейді серіктестік басшысы. Бұл туралы kyzylordatv.kz хабарлайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны