30.03.2017, 16:01 5231

Қызылорда облысыныӊ әкімі жұмыс сапарымен Шиелі және Жаӊақорған аудандарында болды

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Шиелі және Жаӊақорған аудандарында болып, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша актив отырысын өткізді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандарыныӊ жұмыстарымен танысты.

Қызылорда. 30 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Шиелі және Жаӊақорған аудандарында болып, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша актив отырысын өткізді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандарыныӊ жұмыстарымен танысты.
Жаӊақорған ауданында 159 гектар жерді алып жатқан агроиндустриялық аумақтыӊ салтанатты ашылуы өтті. Онда электр желісі мен аяқсу жүйесі тартылған, көгалдандыру және жылыжайлар құрылысына жер телімдері бөлінген. Саябаққа арналған 2 гектар жерге 1400 түп ағаш көшеті отырғызылған. Бұл жерге балалардыӊ ойын алаӊдары, бассейн салынады. Бүгінде жаӊақорғандық 10 кәсіпкер агроиндустриялық аумақтан жер телімдерін алып кәсіпорындар салуды, 48 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Шиелі ауданында 2016 жылдыӊ наурыз айында тәулігіне 400 литр шұбат өндіретін "Аруана" цехы іске қосылды. Кәсіпорында 5 адам жұмыспен қамтылған, ал дайын өнімдер Алматы, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында сатылуда. Шаруашылықты ары қарай дамыту үшін Сауысқандық өӊірінен 1800 га жер телімі алынған. 2017 жылдыӊ ақпан айынан бастап қаймақ, йогурт, сүт, айран өндіру цехтары іске қосылып, 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
2016 жылы Шиеліде "Мөлдір и К" ЖШС құс фермасы ашылып, 12 мыӊ бас балапан өсірілуде.Мұнда жылына 3,5 млн. дана жұмыртқа өндірілетін болады. Болашақта құс фермасына 10 мыӊ бас ет бағытындағы балапандар әкелініп, жылына 65 тонна құс еті өндірілмек.
Өткен жылдыӊ желтоқсан айында Шиелі кентінде жалпы аумағы 8 мыӊ шаршы метрді құрайтын "Береке" сауда үйі пайдалануға берілді. Кешенніӊ аумағына 160 бутиктен тұратын сауда орталығы, 10 нөмерлі қонақ үй, оқу орталығы, мейрамхана мен тойхана, балалар ойын-сауық павильоны орналасқан. Мұнда 160 жеке кәсіпкер жұмыс істейді және 250 адам жұмыспен қамтылған.
Жаӊақорған мен Шиелі аудандарында өткен шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі актив отырыстарында ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті өрістетудіӊ өзекті мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны