07.06.2017, 16:23 4251

Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында 18 ауылшаруашылығы кооперативі құрылды

Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында 2017 жылы 1 сәуіріне дейінгі мәлімет бойынша 47,3 мыӊ бас ірі қара, оныӊ ішінде 22,3 мыӊ бас сиыр, 102,8 мыӊ бас қой мен ешкі, 28,5 мыӊ бас жылқы, 24,6 мыӊ бас түйе өсірілуде.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында 2017 жылы 1 сәуіріне дейінгі мәлімет бойынша 47,3 мыӊ бас ірі қара, оныӊ ішінде 22,3 мыӊ бас сиыр, 102,8 мыӊ бас қой мен ешкі, 28,5 мыӊ бас жылқы, 24,6 мыӊ бас түйе өсірілуде. Мал басы бойынша, есепті мерзімде ірі қараныӊ саны 2,5 пайызға, жылқы 13 пайызға, түйе 2,9 пайызға, құс 11,9 пайызға өсті.

2016 жылы ауылшаруашылығы құрылымдарын ірілендіру мақсатында ауданда 18 ауылшаруашылығы кооперативі құрылды. Октябрь ауылдық округініӊ 3 шаруа қожалығынан құралған "Шижаға-16" ӨК сүт өнімдерін жинау мен өткізуге 2 танкер, 1 сүт таситын арнайы автокөлік сатып алу үшін "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы" бағдарламасы аясында жұмыс жасап отыр. Ал, "Бекбауыл" ӨК елдімекендегі балық аулап отырған қожалықтар басын біріктіріп, өнімді бір жерден өӊдеп, өткізуге бағытталған жобаны қаржыландыруда.

Ауданда жыл санап, егін шаруашылығына да мән беріліп келеді. Егін шаруашылығы бойынша, 263 гектар жерге егін егіліп, бау-бақша өнімдері алынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны