07.06.2017, 16:11 4274

Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында кәсіпкерлік аясы кеӊейіп келеді

Бұл бағытта жергілікті әкімдік пен өӊірлік палатаныӊ "Микробизнес-Қызылорда" жобасы жүзеге асып келеді. Бүгінде жалпы көлемі 840 млн. теӊгені құрайтын 132 жоба қаржыландырылып, 429 жаӊа жұмыс орны ашылды.Аймақтағы кәсіпкерліктіӊ дамуына Арал ауданы да үлкен үлес қосып отыр.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Жуырда ғана Қызылорда облысына келген "Атамекен" ҰКП" АҚ төралқа төрағасы Т. Құлыбаевтыӊ сапарында аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктіӊ дамуы бір сараланды.

Бұл бағытта жергілікті әкімдік пен өӊірлік палатаныӊ "Микробизнес-Қызылорда" жобасы жүзеге асып келеді. Бүгінде жалпы көлемі 840 млн. теӊгені құрайтын 132 жоба қаржыландырылып, 429 жаӊа жұмыс орны ашылды.Аймақтағы кәсіпкерліктіӊ дамуына Арал ауданы да үлкен үлес қосып отыр.

Өткен жылы бұл бағытта, аудан территориясынан өтетін "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізі бойында бүгінде жеке кәсіпкерлердіӊ "В" және "С" санатты жол маӊы сервистік қызмет көрсету нысандары бой көтеріп, халыққа қызмет көрсетуде.

2016 жылы ел экономикасын кеӊейтіп, инновацияны дамытатын еӊ алдымен кәсіпкерлік саласы болғандықтан аудан кәсіпкерлерініӊ қатысуымен жыл көлемінде 12 семинар өткізіліп, 248 адамға сертификат берілді. Жан-жақты қолдаудыӊ арқасында, кәсіпкерлердіӊ 102 жобасы қолдау тапса, 2017 жылдан бері шағын және орта бизнес саласында 3796 субъекті тіркеліп, оныӊ 83,1 пайызы жұмыс жасап тұр. Оныӊ 266-ы заӊды тұлғалар, 3108-і жеке кәсіпкерлер және 422-і шаруа қожалықтары құрады.

Өткен жылғы жүйелі жұмыс арқасында аудандағы жалпы жұмыссыздық деӊгейін 5,1 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізілді.

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын"жүзеге асыру барысында, жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 1061 адам хабарласып, 272 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, 442 адам әлеуметтік жұмысқа жолданып, 576 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ресми жұмыссыздық деӊгейі 0,8 пайыз көлемінде болып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны