08.06.2017, 16:44 3737

Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында жол салу және жөндеу, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша жұмыстар жүргізіледі

Аралдықтарды қуантқан тағы бір жаӊалық - Аманөткел ауылдық округініӊ Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпір ағымдағы жөндеуден өтетін болады.

Қызылорда. 8 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Арал ауданыныӊ экономикалық-әлеуметтік жағдайы жыл санап жақсарып келеді. Биыл жол салу және жөндеу, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша аудандық маӊызы бар Қызылжар елді мекеніне кіре беріс (6,4 шқ) автомобиль жолыныӊ күрделі жөндеу жұмыстарыныӊ ІІ-кезеӊіне, Сазды, Райым, Водокачка елді мекендеріне кіре беріс жол құрылысына, "Арал-Иуежай-Жалаӊаш (Бірлестік)" автомобиль жолын қайта жаӊғыртуға қаржы қаралып, аудандық маӊызы бар автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Аралдықтарды қуантқан тағы бір жаӊалық - Аманөткел ауылдық округініӊ Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпір ағымдағы жөндеуден өтетін болады.

Сонымен қатар, Самара-Шымкент-Сексеуіл, Қамыстыбас, Қосжар, Аманөткел елді мекендеріне кіре беріс жолдар мен қаладағы Б. Баймұратов-М. Сәрсенов, Сапақ би-Космонавт, В. Терешкова көшелеріне орташа жөндеу, "Тәуелсіздік" алаӊы жанындағы жолды тегістеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, бүгінгі күні жұмыстар басталуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны