27.03.2017, 17:47 5337

Қызылорда облысыныӊ аудандарында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша актив отырыстары өтуде

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша актив отырыстары сондай-ақ, Жаӊақорған, Шиелі аудандары мен облыс орталығында да өтеді.

Қызылорда. 27 наурыз. Kazakhstan Today - 20 наурыз күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында болып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша актив отырыстарын өткізді. Сонымен қатар, аймақ басшысы Арал қаласында аудандық орталық аурухананыӊ іргетасын қалауға қатысты. Қ.Көшербаев аралдықтарды Наурыз мерекесімен және жаӊа денсаулық сақтау нысаны құрылысыныӊ басталуымен құттықтады.

Өӊір әлеуметтік дамуды жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі бойынша республикада алдыӊғы орында екендігін атап өткен жөн.

Осы күні Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында кәсіпкерлердіӊ және ауылдық округтер әкімдерініӊ қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде актив отырыстары өтті. Онда әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытудыӊ және кәсіпкерлердіӊ құқықтарын қорғаудыӊ өзекті мәселелері талқыланды.

Микро, шағын және орта кәсіпкерліктіӊ дамуы облыс үшін аса маӊызды, себебі ол жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуына, жергілікті бюджеттіӊ нығаюына және салық базасыныӊ ұлғаюына септігін тигізеді. Бұл мәселе мысалға алдағы уақытта енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздардыӊ, жеке кәсіпкерлердіӊ заӊды түрде тіркелуін қажет етеді. Облыс әкімі ауыл халқын бизнестіӊ негізін үйрететін "Бизнес-Бастау" және "Бизнес-Кеӊесші" бағдарламаларына мейлінше көптеп тартуды, кәсіпкерліктіӊ түрлі бағыттары бойынша жаӊа жобалар әзірлеуді тапсырды.

21 наурызда шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған отырыстар облыстыӊ Жалағаш және Сырдария аудандарында да өтті.

Жалағаш, Сырдария аудандарында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша актив отырыстары облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ қатысуымен өтті.

Жиында аймақ басшысы әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерліктіӊ дамуы - әкімдердіӊ жұмысыныӊ еӊ басты көрсеткіштерініӊ бірі екендігін атап өтті.

- Бірінші кезекте әр аудан бойынша олардыӊ географиялық орналасуын, табиғи байлығын, кәсіби салтын ескере отырып, бизнес жобалардыӊ іске асырылуын қолға алу қажет. Мысалға айтатын болсақ, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында суармалы егін, көкөніс, бақша шаруашылықтарын дамытуға болады. Жалағаш ауданында мия өӊдеу зауыты айналасында мия сусыны, тыӊайтқыш өнімдері, фармацевтикалық өнімдер, комибикормдық жем шығару, ал элеватор кешені айналасында күріш кеспесі, күріш ұны, күріш майы, күріш сабанынан қап, крафт қағаздарын шығаратын кәсіпорындарды дамыту керек,- деді Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімініӊ орынбасары Евгений Ким, аудан әкімдері және Қызылорда облыстық өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ төрағасы Асқар Махамбетов ШОБ дамыту және жуырда қабылданған аймақтағы кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017 жылға арналған бірыӊғай жол картасын жүзеге асыру бойынша баяндамалар жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер мен аймақтық даму институттарыныӊ басшыларына Өӊірлік кәсіпкерлік палатасымен және "Байқоӊыр ИКК"-мен бірлесе отырып, еӊ бірінші кезекте елді-мекен тұрғындарына шағын кәсіп ашудыӊ негіздерін үйрету шараларын қабылдау, бизнес жобаларды жүзеге асыру мен аудандардағы индустриялық аумақтарды дамыту, жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған, жаӊадан кәсібін ашқан азаматтарға қолдау танытып, көмек көрсету жұмыстары тапсырылды.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша актив отырыстары сондай-ақ, Жаӊақорған, Шиелі аудандары мен облыс орталығында да өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны