25.05.2017, 15:07 5280

Қызылорда облысыныӊ ауылшаруашылығында серпіліс бар

Бірнеше жыл бойы ауыл шаруашылығы саласында тұрақты өсу байқалады. Ағымдағы жылдыӊ 4 айында осы салаға құйылған инвестиция көлемі 20 есеге өскен.

Қызылорда. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Бірнеше жыл бойы ауыл шаруашылығы саласында тұрақты өсу байқалады. Ағымдағы жылдыӊ 4 айында осы салаға құйылған инвестиция көлемі 20 есеге өскен. Өткен жылы қызылордалық күрішшілер әр гектардан 56 центнерден, жеке шаруа қожалықтары 80 га/ц өнім алып, еліміздіӊ күріш шаруашылығы тарихындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Күріштіӊ өнімділігі 1991 жылғы көрсеткіштен 30 пайыз жоғары. Соӊғы 3 жылда күріштіӊ жалпы жиынтық өнімі үш есеге артты. Бұл аумақты ұлғайту есебінен емес, күріш сорттарыныӊ өнімділігін арттыру нәтижесінде мүмкін болды. Қазіргі уақытта Сыр күрішін Қытай, Түркия және Иран елдеріне жіберу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Соӊғы 2 жылда күріш егістіктері 6 мыӊ гектарға азайып, майлы және жем-шөп дақылдарыныӊ егістіктері ұлғайды. Көкөніс және бақша дақылдарын өндірістік негізде өндіру жұмысы басталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны