09.06.2017, 18:16 5496

"Қызылорда облысыныӊ аумақтық мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы" ЖШС құрылды

Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобаларын консультативтік сүйемелдеу, жергілікті бюджеттік инвестициалық жобалардыӊ техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу қызметтерін көрсететін орталық директоры Мақсат Еламанныӊ айтуынша сала жұмысында аймақ инфрақұрылымы мен халықтыӊ өмір сүру жүйесін дамыту үшін инвестиция тартуға баса назар аударылады.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Көптеген мемлекеттердіӊ экономикасында мемлекет пен жеке бизнестіӊ өзара қарым-қатынасыныӊ жаӊа формасы - мемлекет пен жекеменшік әріптестік кеӊ қанат жайып келеді. Ол әлеуметтік маӊызы бар жобаларды жүзеге асыруға жеке кәсіпкерлік нысандарын тартудыӊ тиімді механизмі болып табылады. Қазақстанныӊ бүгінгі экономикасы саясатындағы өзекті мәселеніӊ бірі - мемлекет пен жекеніӊ байланысына ықпал ететін және үдерістерді тиімді түрде жеделдетіп, МЖИ дамыту болып отыр.

Аймақтыӊ жалпы инвестициялық қабілетін арттыру мақсатында және МЖИ жобаларын әзірлеуде кеӊес беру үшін облыс әкімдігініӊ 2016 жылғы 4 шілдедегі №517 қаулысына сәйкес "Қызылорда облысыныӊ аумақтық мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобаларын консультативтік сүйемелдеу, жергілікті бюджеттік инвестициалық жобалардыӊ техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу қызметтерін көрсететін орталық директоры Мақсат Еламанныӊ айтуынша сала жұмысында аймақ инфрақұрылымы мен халықтыӊ өмір сүру жүйесін дамыту үшін инвестиция тартуға баса назар аударылады.

Мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын қарау барысында басты назар қоғам үшін тиімді басымдылықтарға аударылады. Мысалы мемлекет үшін бұл басымдықтарға бюджет қаражатын үнемдеу қосымша ресурстар (қаржылық, материалдық және басқарушылық) алу, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардыӊ сапасы мен көлемін арттыру жатады. Сонымен қатар, жаӊа жұмыс орындарын құру және бұрынғы жұмыс орындарын сақтау, жобаны іске асыруда уақытты үнемдеу, көпшілік міндеттердіӊ шешімін жылдамдату секілді тиімділіктер жоспары бекітілді. Жеке әріптестік үшін нарықтық кеӊістікті кеӊейту, жобаларды жүзеге асыру барысында мемлекеттіӊ кепілдігімен жеӊілдетілген несие алу мүмкіндігі, бюджет қаражатын тарту, салынған инвестицияныӊ қайту кепілдігі сияқты жақсы тұстары жетерлік.

Сонымен қатар, мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларға қатысқысы келгендерге де тосқауыл қойылмайды. Барлық ынта білдірушілер Қызылорда қаласы, Ийтеке би көшесі, 28 үйде ("Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы" ғимараты, 4 қабат, байланыс телефоны 26-27-18, 26-27-19) орналасқан "Қызылорда облысыныӊ аумақтық мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне хабарласа алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны