16.02.2017, 20:19 5829

Қызылорда облысыныӊ бақша өнімдері мен ет-сүт өнімдері экспортқа шығарылмақ

Бақша дақылдары өнеркәсібі өндірісін қалпына келтірудеміз. Көп жылдардан кейін, алғаш рет 2016 жылы біздіӊ қауындарымыз Ресей мен Қырғызстанға экспорттала бастады. Биылғы жылы бақша дақылдарыныӊ көлемін тіпті ұлғайтуды жоспарлап отырмыз,- деді облыс әкімі.

Қызылорда. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару - Қызылорда облысыныӊ өткен және алдыӊғы жылдардағы басым бағыттарыныӊ бірі. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпанда тұрғындарға есеп беру кездесуінде баяндады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мысалы өткен жылы Шиелі ауданында қуаттылығы тәулігіне 400 литр шұбат өндіретін цех іске қосылды. Қызылорда қаласында жартылай фабрикат ет өнімдерініӊ фабрикасы, ал, Сырдария ауданында жылына 250 тонна өнім шығаратын ет комбинаты бар 10 мыӊ бас қозы өсіретін кешен салынды.

- Бүгінгі таӊда тұтынатын құс етініӊ барлық көлемін облыстан тыс жерден әкелетінімізді ескеріп, импортты ауыстыру мәселесіндегі жұмыстарды белсенді жүргізе бастадық. Құс еті өндірісіндегі жобаларды жүзеге асырушыларды ынталандыра бастадық. Республикалық инвестициялық орталық қаржысы есебінен Сырдария ауданында үйрек пен қаз өсіретін құс фермасыныӊ жобасын несиелендірдік. Қазірдіӊ өзінде осы фермада 10 мыӊ бастан астам құс өсірілуде,- деді облыс әкімі есептік кездесу барысында.

Облыстыӊ аграрлық секторы шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы бола түсуде. Сондай бірлескен жобалардыӊ бірі - 2018 жылы Жаӊақорған ауданында томат пастасын шығаратын зауытты іске қосу көзделуде. Сондай-ақ, Жаӊақорған ауданында жылына 100 мыӊ тонна кешенді минералдық тыӊайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр. Ал, Арал ауданында түйе сүтін өӊдеу зауыты салынбақ. Қазір бұл жобалар шетелдік инвесторлармен бірге әзірлену үстінде.

- Бақша дақылдары өнеркәсібі өндірісін қалпына келтірудеміз. Көп жылдардан кейін, алғаш рет 2016 жылы біздіӊ қауындарымыз Ресей мен Қырғызстанға экспорттала бастады. Биылғы жылы бақша дақылдарыныӊ көлемін тіпті ұлғайтуды жоспарлап отырмыз,- деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны