04.10.2017, 18:04 4804

Қызылорда облысыныӊ Белкөл кентін газдандыру қараша айында аяқталмақ

Биыл облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда -2 АГТС -нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн. теӊге қаржы қаралды. Қала іргесіндегі кентті газдандыру жұмыстары сәуір айынан басталып, бүгінде 20 шақырым газ құбыры жүргізілді. Осы жылы қараша айында кент тұрғындары "көгілдір отынды" пайдалана бастайды

Қызылорда. 4 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Белкөл кентін газдандыру жұмыстарымен танысты. Пресс тур барысында журналистерге аймақтағы газдандыру жұмыстарыныӊ барысы баяндалды.

Облыстыӊ аудан орталықтары мен қала маӊындағы елді мекендерді газдандыру "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбырыныӊ бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда. Сырдария өзенініӊ сол жақ жағалауыныӊ газ таратушы желілерін салу жобасыныӊ жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оӊ қорытындысын алу үшін 2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теӊге қаржы бөлініп, қазіргі таӊда мемлекеттік-сараптаманыӊ оӊ қорытындысы алынды.

- Сондай-ақ, биыл облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда -2 АГТС -нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн. теӊге қаржы қаралды. Қала іргесіндегі кентті газдандыру жұмыстары сәуір айынан басталып, бүгінде 20 шақырым газ құбыры жүргізілді. Осы жылы қараша айында кент тұрғындары "көгілдір отынды" пайдалана бастайды,- дейді Қызылорда облысыныӊ энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы, газ инфрақұрылымын дамыту және қауіпті өндірістік нысандарды мемлекеттік бақылау бөлімініӊ басшысы Мадияр Сәдуақасұлы.

Соӊғы жылдары аймақта қарқын алған газдандыру ісі биыл да бәсеӊдемейді. Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырыныӊ құрылысын жүргізу үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 500 млн, облыстық бюджеттен 55,6 млн теӊге қаржы бөлінді. Қазіргі таӊда, мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны