05.05.2017, 17:43 8654

Қызылорда облысыныӊ дихандары биыл 4 млрд теӊгеден астам субсидия алмақ

Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ қатысуымен күріш алқабына дән себілді. Егін науқаныныӊ жаршысындай айтулы күнде аймақ басшысы биылғы өнімніӊ берекелі, молынан болуын тіледі.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылындағы егістік басында "Дала күні" аталып өтті, деп жазады Сыр бойы газетініӊ тілшісі.

Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ қатысуымен күріш алқабына дән себілді. Егін науқаныныӊ жаршысындай айтулы күнде аймақ басшысы биылғы өнімніӊ берекелі, молынан болуын тіледі.

"Байтабын" ЖШС-ныӊ күрішшілері биыл да биіктен көрінуді көздеп отыр. Өткен жылы гектарына 65 центнерден өнім алған шаруашылық іргетасы 1999 жылы қаланған. Одан беріде талай жыл өтті, ол күндер еншісінде бес батпан бейнет бар. Бүгін, міне, соныӊ зейнетіндей, үлкен ұжымға айналды.

- Рас, алғашқы жылдарда жағдай қиын болды. Қазіргі күні ол көрген түске айналғандай. Шаруашылық көкжиегін кеӊейтті, егістік жеріміз 2 мыӊ гектардан асады. Биыл соныӊ 1400 гектарына күріш дәнін сеуіп, 800 гекатардай жерге жоӊышқа отырғызсақ деп отырмыз. Жұмысшылар жағдайы қуантарлықтай, айлық жалақылары 120 мыӊ теӊге. Негізі 107 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Қазіргі күні шаруашылық 400 гектарға дән сеуіп, 200 гектарын суға бастырып үлгерді, - дейді шаруашылық басшысы Сапарбек Мыханов.

Егіс басында аймақ басшысына Жалағаш ауданы әкімі Талғат Дүйсебаев диқандар алдындағы маӊызды міндеттерді баяндады. Аудан осы жылы 18100 гектар жерге сыр салысын отырғызбақ. Былтыр 19500 гектар жерге себілген дәннен 57,3 центнерден өнім алған. Аудан әкімініӊ айтуынша, өӊірде 34 ауылшаруашылық кооперативі құрылған. Олардыӊ табысты қызмет етіп жатқандығына "Байтабын" өндірістік кооперативі дәлел.

Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Бақыт Жаханов облыс әкіміне диқандарға жасалып отырған мемлекеттік қолдау жайынан ақпар берді. Оныӊ айтуынша, биылғы жылы Сыр дихандары 4 млрд теӊгеден астам субсидия алмақ. Техникаларға қажетті жанар-жағармайдан ешқандай мәселе жоқ. Өӊірде 78,4 мыӊ гектар жерге күріш дәні себілсе, 6,1 мыӊ гектарға басқа дәнді дақылдар отырғызылмақ. Маӊызды жаӊалықтардыӊ бірі - "Дала күнінде" себілген дән - бірінші репродукциялы "Янтарь" сорты. Ресейден алынған сапалы тұқым бүгінде 5 ауданға таратылған.

Егістікке дән себілген соӊ Бұқарбай батыр ауылы ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Қабылбек Нұрмағанбетов ақ батасын берді.

Айта кетейік, облыс төрт жыл қатарынан күріштен рекордтық өнім жинады. Сондай-ақ, аймақта ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру және экспортқа бағытталған өнім өндіру жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Оныӊ ішінде, күріш, балық және қауын экспортталуда. Сондай-ақ, қытайлық инвесторлар облыс аумағында қымыз, шұбат және томат пастасын өндіретін зауыт салуға, ал Парсы шығанағы елдері соя, жүгері егіп, сиыр, қой өсіруге ниет білдіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны