08.11.2017, 18:06 6553

Қызылорда облысыныӊ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 9 айдағы атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Басқарма есебіне сәйкес, биыл жылумен жабдықтауға облыстық бюджеттен 533,341 млн.теӊге бөлінді. Оныӊ ішінде, жылу желілерін жаӊғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 87,416 млн.теӊгеге жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға берілді.

Қызылорда. 8 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 9 айдағы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Басқарма есебіне сәйкес, биыл жылумен жабдықтауға облыстық бюджеттен 533,341 млн.теӊге бөлінді. Оныӊ ішінде, жылу желілерін жаӊғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 87,416 млн.теӊгеге жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға берілді.

Сондай-ақ, "Қызылорда қаласы Сырдария өзенініӊ сол жақ жағалауын жылумен қамту (І-кезеӊ)" жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 101,675 млн.теӊгеге, жобалау жұмыстары да аяқталды..

Арал, Қазалы және Жаӊақорған аудандарындағы әлеуметтік нысандарыныӊ 36 жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау жұмыстарына - 181,144 млн. теӊге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

"Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасыныӊ бу қазандығын қайта жаӊғырту, Қызылорда қаласы Талсуат елді-мекені оӊалту орталығыныӊ қазандығын газ отынына ауыстыру, Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханасы ғимаратын газдандыру жұмыстарына 175,471 млн. теӊге бөлініп, осыған байланысты жұмыстар тиянақталды" делінген басқарма мәліметінде.

Қызылорда қаласында жылу желілерін жаӊғырту және кеӊейту бойынша 2018 жылға 8 ЖСҚ-ны "Өӊірлерді дамыту-2020" бағдарламасымен қаржыландыруға 4,2 млрд.теӊгеге ҚР ИДМ бюджеттік өтінім ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны