20.06.2017, 22:39 8859

Қызылорда облысыныӊ "Камбала балық" ЖШС өндірілген ысталған балықтар Ресей, Изербайжан, Грузия еліне жөнелтіліп отыр

Қазір зауытта 35 адам жұмыс жасайды. Жылына бір жарым мыӊ тоннаға дейін балық өӊдеуге мүмкіндігі бар. Ысталған, тұздалған және балық фаршын, сом етін шығарады. Өнімдеріне сұраныс та жоғары.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Арал ауданына жасаған пресс-турда БАҚ өкілдері "Камбала балық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Ата кәсібі жанданған өӊірдегі өндірісте жыл сайын өнім көлемініӊ артып келе жатқанына көз жеткізді.

Қазір зауытта 35 адам жұмыс жасайды. Жылына бір жарым мыӊ тоннаға дейін балық өӊдеуге мүмкіндігі бар. Ысталған, тұздалған және балық фаршын, сом етін шығарады. Өнімдеріне сұраныс та жоғары.

Кәсіпорын директоры Ш.Ибдуалиевтіӊ дерегінше ысталған балықтар Ресей, Изербайжан, Грузия еліне жөнелтіліп отыр. Зауытқа Кіші Арал теӊізінен №2 учаскесі бекітіліп берілген. Онда жылына 350 мыӊ тоннаға дейін балық ауланады. Айтпақшы, өндіріс орны қауырт тірлікке көшкен көктемгі науқанда мұнда 70-80 адамға дейін еӊбек етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны