06.06.2017, 16:15 5027

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданындағы 38 шаруа қожалығында 2260-тан астам бас сиыр өсірілуде

Жыл басынан бері Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданындағы шаруа қожалықтары "Қорқыт елі" несие серіктестігі ЖШС арқылы 16,3 млн. теӊгеге, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы 7 млн. теӊгеге 125 бас сиыр, 10 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданындағы шаруа қожалықтары "Қорқыт елі" несие серіктестігі ЖШС арқылы 16,3 млн. теӊгеге, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы 7 млн. теӊгеге 125 бас сиыр, 10 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Ал, бүгінгі уақытта аудан бойынша тіркелген 38 шаруа қожалығында 2260-тан астам бас сиыр тұқымдық түрлендіруге қатыстырылуда.

Мемлекет қолдауы арқылы мал шаруашылығын өркендетіп отырған шаруашылықтыӊ бірі "НұрБерЕр" шаруа қожалығы.

2013 жылы Батыс Қазақстан облысынан қазақтыӊ ақбас тұқымды сиырын алдырып, жұмысын бастаған "НұрБерЕр" қожалығы қазір ауқымын ұлғайта түсті. Сонымен қатар, өткен жылдыӊ басында Ақмола облысынан 5 асыл тұқымды бұқа сатып алды.

-Еӊбек-елеусіз қалмайды, жуырда қожалық бақташысы Берік Мұхтарбаев Жаӊақорған ауданында өткен облыстық ІІІ малшылар слетінде ІІІ дәрежелі "Еӊбек даӊқы" төсбелгісімен марапатталды. Бұл құрмет Берікке ғана емес, қожалық мүшелерініӊ еселі еӊбектеріне көрсетілген құрмет деп білеміз, - дейді қожалықтыӊ басқарушысы Ержан Бисенбаев.

Ауданда "НұрБерЕр" секілді мемлекет демеуімен нығайып келе жатқан шаруашылықтар көп.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны