07.06.2017, 16:26 5135

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында 31 ауылшаруашылығы кооперативі бар

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданы бойынша құрылған 31 ауылшаруашылығы кооперативінде 245 мүше бірігіп, жұмыс жасауда. Бұл туралы аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданы бойынша құрылған 31 ауылшаруашылығы кооперативінде 245 мүше бірігіп, жұмыс жасауда. Бұл туралы аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жеке секторлардыӊ әлеуетін арттыру мақсатында 40 адам бірігіп құрылған "Шеӊгелді" кооперативі "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы "Береке" бағдарламасы аясында 160,0 млн теӊге несие алды. Қазіргі таӊда кооператив мүшелері мал бордақылау үшін жеке секторлардан мал сатып алу жұмыстарымен айналысуда.

"Нұр Аль-фараби" ауыл шаруашылығы кооперативі 60 бас сауын түйеден сүт сауып өткізуде. Ирі қарай мал бордақылаумен айналысу үшін өз қаржысы есебінен қора-жайлар салуда.

"Kazaly Agro" кооперативіне 24 адам бірігіп, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 65,6 млн теӊге несие қаражатын алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны