08.06.2017, 16:31 3467

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінде 8687 адам жұмыспен қамтылған

2017 жылы жаӊадан 210 кәсіпкерлік тіркеліп, жұмыс жасауда. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 8687 адам жұмыспен қамтылған.

Қызылорда. 8 маусым. Kazakhstan Today - Кәсіпкерлік ел экономикасыныӊ өзегіне айналған кезде ғана мемлекеттіӊ дамуы тұрақты бола түседі. Шағын және орта бизнестіӊ дамуы елдегі әлеуметтік мәселелерді шешеді. Осыдан да қазір бізде кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беріліп, Елбасы бастамашы болған бірнеше бағдарламалар жүйелі жүзеге асуда.

Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдыӊ алғашқы 4 айында 4268 шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынып, бұл 2016 жылдыӊ есепті кезеӊімен салыстырғанда 3,6 пайызға артты. Оныӊ ішінде 242 заӊды тұлға (2016 жылы 191 бірлік), 3626 жеке кәсіпкер (2016 жылы 3622 бірлік), 400 шаруа қожалығы (2016 жылы 305 бірлік) болып табылады.

2017 жылы жаӊадан 210 кәсіпкерлік тіркеліп, жұмыс жасауда. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 8687 адам жұмыспен қамтылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны