30.06.2017, 16:38 10358

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында жас кәсіпкерлер форумы өтті

Аудандағы "Ірі қара өсіру кешені мен сүт өӊдейтін зауыт", "Балық, күріш өнімдерін өӊдеу зауыттары" және сапалы темір-бетон бұйымдарын шығаратын цехтарда жаӊа технологияны меӊгерген 60 жас маман жұмыс жасауда.

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қазалы ауданында "Жас кәсіпкерлер үшін жаӊа мүмкіндіктер" атты Қазалы ауданы жас кәсіпкерлерініӊ форумы болып өтті.

Форум аясында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов, форум қонақтары жақында ашылған балаларға арналған ойын-сауық орталығыныӊ жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Жеӊіскүл Қыстаубаеваныӊ "Расул" дәмхана кешенініӊ ашылу салтанатына қатысты. Жас кәсіпкер қолға алған нысанныӊ ашылуы арқылы 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.

Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалар бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ныӊ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы директорыныӊ орынбасары Ғабит Құлмахан, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасыныӊ "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Жасұлан Алдабергенов, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Байқоӊыр өӊірлік филиалыныӊ директоры Гүлжахан Ерімқызы, Қазалы ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудыӊ басым бағыттары туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімініӊ басшысы Иліби Ибиев хабарлама жасады.

Форумға қатысушылар аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында іске асырылып жатқан бірнеше инвестициялық жобалармен танысты. Шағын кәсіпкерлікті дамытуда белсенділік көрсетіп жүрген бір топ жас кәсіпкерлер аудан әкімініӊ, облыстық салалық басқарма басшысыныӊ Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негізде бір ай мерзім оқу курсына қатысқан тыӊдаушыларға сертификаттар тапсырылды.

Айта кетейік, аудан экономикасыныӊ дамуына оӊ ықпал етіп отырған кәсіпкерлік субъектілерініӊ саны 4330 бірлікті құрап, өткен жылдан 4,4 пайыз көлемінде өсу динамикасы қалыптасып отыр. Қазіргі уақытта тіркелген жеке кәсіпкерлік субектілерініӊ 13,5 пайызын жас кәсіпкерлер құрайды. Жас кәсіпкерлер саны - 581, өткен жылмен (469 бірлік) салыстырғанда 23,8 пайызға артық.

Аудандағы "Ірі қара өсіру кешені мен сүт өӊдейтін зауыт", "Балық, күріш өнімдерін өӊдеу зауыттары" және сапалы темір-бетон бұйымдарын шығаратын цехтарда жаӊа технологияны меӊгерген 60 жас маман жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, ауыл жастарын қажетті мамандықтар бойынша оқыту бағытында "РЗА" АҚ тарапынан грант бөлініп, 12 жас ауылшаруашылық және ет-сүт өӊдеу технологтары мамандықтары бойынша еліміз бен Ресейдіӊ жоғарғы оқу орындарында білім алып (25 000 теӊге шәкіртақысымен) жатыр. Өткен жылы Омбы қаласынан 3 студент бітіріп келді (2 инженер механик, 1 технолог). Олар келісімшарт бойынша аталған кәсіпорында 5 жыл жұмыс жасайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны