28.11.2017, 19:50 4539

Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданы бойынша шағын кәсіпкерліктіӊ 4337 субъектісі тіркелген

Қазіргі уақытта Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданы бойынша шағын кәсіпкерліктіӊ 4337 субъектісі тіркелген. Олардыӊ 284-і заӊды тұлға болса, 3526-ы жеке кәсіпкер, ал, 527-і шаруа қожалығы болып табылады.

Қызылорда. 26 қараша. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданы бойынша шағын кәсіпкерліктіӊ 4337 субъектісі тіркелген. Олардыӊ 284-і заӊды тұлға болса, 3526-ы жеке кәсіпкер, ал, 527-і шаруа қожалығы болып табылады. Үстіміздегі жылдыӊ 1 шілдесіне ауданымыздан жобалық құны 374 млн. теӊгеніӊ 2 жобасы ұсынылып аймақтық үйлестіру кеӊесінде мақұлданып, өӊірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілді. Инвестициялық жобалар бойынша биыл 22 наурызда кәсіпкер Сабыр Ермахановтыӊ бастамасымен 45 млн. теӊгеніӊ шұбат өӊдеу цехы қолға алынып, іске қосылды. Шұбат өӊдеу цехы сапалы қондырғылармен жабдықталған. Аталған жоба Алматы қаласындағы аграрлық университеттіӊ ғалымдарымен бірлесе жұмыс жасау арқылы жүзеге асуда.

Қазірдіӊ өзінде арнайы ыдысқа өӊделіп құйылатын шұбатпен бірге құрт және түйе сүтінен иогурт дайындау жұмыстары қолға алынады деп күтілуде.

Бұдан бөлек "Асылхан" шаруа қожалығы жобалық құны 69 млн. теӊге болатын тауарлы сүт өндіру цехы жобасын қолға алды. Бүгінгі таӊда ғимараты тұрғызылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны