04.10.2017, 17:59 5045

Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында 184 азаматтыӊ жалпы құны 650 млн 820 мыӊ теӊгені құрайтын жобалары қаржыландырылды

Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында 184 азаматтыӊ жалпы құны 650 млн 820 мыӊ теӊгені құрайтын жобалары қаржыландырылды. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасыныӊ Шиелі ауданындағы филиал директоры Рысбай Нысанханов бизнес өкілдері алдындағы есепті кездесуінде айтты.

Қызылорда. 4 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында 184 азаматтыӊ жалпы құны 650 млн 820 мыӊ теӊгені құрайтын жобалары қаржыландырылды. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасыныӊ Шиелі ауданындағы филиал директоры Рысбай Нысанханов бизнес өкілдері алдындағы есепті кездесуінде айтты.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында Кәсіпкерлер палатасыныӊ Шиелі аудандық филиалында "Бизнес кеӊесші" жобасы аясында оқып, біліктілігін жетілдірген 184 азаматтыӊ жалпы құны 650 млн 820 мыӊ теӊгені құрайтын жобалары қаржыландырылды.

Атап айтқанда, "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бизнесті дамыту мен қолдаудыӊ біріӊғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз инновациялық грант беру бойынша "Өӊірлік үйлестіру кеӊесініӊ" қарауына 7 жоба ұсынылып, нәтижесінде жалпы құны 1 млн. 229мыӊ теӊгені құрайтын 2 жоба грант ұтып алды. Олар:

1. Жеке кәсіпкер Мая Қалжанова "Қол өнер бұйымдары үйірмесін ашу" жобасы 540 мыӊ тенге (Жуантөбе ауылы),

2. Жеке кәсіпкер Айбибіхан Қалжан "Ұлтық аспаптар жасау" жобасы 689 мыӊ тенге (Бестам ауылы).

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында барлығы жыл басынан 64 азаматқа 251 млн. 500 теӊге шағын несие берілді.

Нақтырақ айтқанда, жыл басынан бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлікпен айналысуға 355 азамат шағын несие алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, аудандық комиссияда қаралып, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз қамтыған 150 азамат қаржыландыру үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-на жолданды. Бүгінгі күнге 42 бизнес-жоба мақұлданып, 41 азаматқа 144 млн. теӊге шағын несие берілді.

Сонымен қатар, "Қызылорда" Өӊірлік инвестиция орталығына бизнес жобалары мақұлданған 26 азаматқа жолдама беріліп, 23 азамат 107 млн. 100 мыӊ тенге несие алды. Қалған 5 азаматтыӊ 44 млн.600 мыӊ теӊгені құрайтын жобасыныӊ несие құжаттары қаралуда.

Кәсіпкерлер палатасыныӊ Шиелі ауданындағы филиалыныӊ көмегімен 2017 жылдыӊ 9 айында 15 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды.

Оныӊ ішінде, "Ырыс", "Береке" бағдарламалары аясында 50 ауыл концепциясы бойынша аудандағы 4 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативініӊ 118 мүшесі 398,6 млн. теӊге қаржы алды.

Сонымен қатар, облыстан бөлінген 100 млн теӊге "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бизнесті дамыту мен қолдаудыӊ біріӊғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз инновациялық грант беру бойынша "Өӊірлік үйлестіру кеӊесініӊ" қарауына 27 жобаға сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, ұсынылды, деп хабарлайды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны