29.11.2017, 17:32 4415

Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында бюджет кірісі болжамнан жоғары болды

Биыл аудан бюджеті несиелерді қоса есептегенде барлығы 13 млрд. 100 млн. теӊге көлемінде бекітілді. Оныӊ ішінде, аудандық бюджеттіӊ өз кірісі 1 млрд. 684 млн.теӊге болды.

Қызылорда. 29 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында бюджет кірісі болжамнан жоғары болды.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Шиелі ауданыныӊ әкімі Ишім Оразбекұлы хабарлады.

Биыл аудан бюджеті несиелерді қоса есептегенде барлығы 13 млрд. 100 млн. теӊге көлемінде бекітілді. Оныӊ ішінде, аудандық бюджеттіӊ өз кірісі 1 млрд. 684 млн.теӊге болды.

Осы 10 айда бюджеттіӊ жалпы кірісі 10 млрд. 412 млн. теӊгеніӊ орнына 10 млрд. 583 млн. теӊгеге немесе 101,6 пайызға орындалды. Ал бюджеттіӊ өз кірісі болжамдалған 1 млрд. 279 млн. теӊгеніӊ орнына 1 млрд. 450 млн. теӊге болды.

Есепті мерзім ішінде бюджет шығысы 98,2 пайызға (болжам 10 млрд. 405 млн. теӊге) игерілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны